420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елеусіновтің жекпе-жек алдындағы салмағы лимиттен сәл асып кетті

  • 658
  • UPD: 09:41, 20.12.2019
Елеусіновтің жекпе-жек алдындағы салмағы лимиттен сәл асып кетті

Қазақстандық Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Prosports.kz. 

Отандасымыз Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек қазақстандық уақытпен 21 желтоқсанда таңертең басталады. 

Елеусіновтің қарсыласы – 28 жастағы америкалық Алан Санчес (20-4-1, 10 КО). Екі боксшы да таразыда жартылай орта салмақ лимитінен сәл асып кеткен. Бірақ бұл титул сарапқа салынбайтын кездесулерлерде қалыпты жағдай. Таразыда Елеусінов 147,8 фунт салмақты көрсетсе, Санчес – 147,9 фунт. 

Естеріңізге салсақ, бокс кешін DAZN стримнг сервисі трансляциялайды. Басты кездесуде америкалық Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) пен мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес (51-3-1, 33 КО) жұдырықтасады. 

Хабар 24 телеарнасы