418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің допингке қарсы күрес агенттігі WADA шешімімен келіспейді

  • 381
  • UPD: 11:38, 20.12.2019
Ресейдің допингке қарсы күрес агенттігі WADA шешімімен келіспейді

Бұл туралы осы мекеменің бақылаушылар кеңесінің төрағасы Александр Ивлев мәлімдеді.

Бұған дейін Бүкіләлемдік допингпен күрес агенттігі Ресейді төрт жылға Олимпиада мен Әлем чемпионаттарынан шеттеткен еді. Оған себеп, Мәскеу зертханасындағы спортшыларға тиесілі деректердің қолды болғаны және жойылуы. Алайда, орыстар бұл айыптауларды мойындамай отыр. Александр Ивлевтің айтуынша, Ресей 15 күннің ішінде WADA-ға қарсылық хатын жолдайды және спорттық арбитраждық сотқа арыз береді.

 

Такуми Минамино «Ливерпуль» жейдесін киді

«Зальцбург» командасының шабуылшысы Такуми Минамино «Ливерпульге» ауысты. Ағылшын клубы Минаминоны Австрия командасынан 9,5 млн долларға сатып алды. 24 жастағы аладоп шебері биылғы маусымда «Зальцбург» сапында 22 ойынға қатысып, тоғыз гол соқты және 11 мәрте нәтижелі пас берді. Такуми Минамино «Ливерпульмен» келісімшарт жасасқан алғашқы жапон футболшысы атанады. Ол енді Юрген Клопп шәкірттерінің қатарына бірінші қаңтарға қосылады. Қазір «Ливерпуль» ағылшын премьер-лигасында топ бастап келеді.

 

Абу-Дабиде теннистен халықаралық турнир басталды

Әлемнің айтулы теннисшілері Біріккен Араб Әмірліктеріне жиналды. Абу-Даби қаласында халықаралық турнир басталды. Әлем чемпионаты деген атауы бар жарыс жаңа маусымға дайындық саналады. Сондықтан бір жарым ай демалыста болған теннисшілер Абу-Дабидегі қара жарысқа қатысады. Олардың арасында Мария Шарапова да бар. Орыс қызы тамыз айында жарақаттанып, маусымды ерте аяқталғаны белгілі. Төрт айлық үзілістен кейін Шарапова қайта кортқа оралды. Абу-Даби турнирінің алғашқы кезеңінде ол Австралиялық Айла Томляновичті жеңді. Есеп: 6:4, 7:5. Ерлер арасында Стефанос Циципас пен Карен Хачанов жарысты жалғастырады. Грек жігіті жартылай финалда Новак Джоковичпен кездеседі. Ал Хачанов бүгін Рафаэль Надальмен кортқа шығады.

 

Велоспорт: «Movistar» командасы жаңа құрамын жариялады

«Movistar» велокомандасы жаңа маусымдағы құрамын таныстырды. Испания клубы Алехандро Вальверденің топ жаруына жұмыс істейді. Испаниялық велоспортшы капитандық міндетті мойынына алды. Өткен маусымда көшбасшылық міндетті атқарған Найро Кинтана мен Ричард Карапастың орнына жас велоспортшылар келді. 28 велошабандоздың 21-і Испания азаматтары. 14 велоспортшы команда қатарына енді қосылды. «Movistar» жаңа маусымда ең жас команда атанады. Испаниялық велоклуб сапындағы 8 спортшы әлі 23-ке толған жоқ. Алехандро Вальверде Токио Олимпиадасында медаль алуды көздейді. Бұл жаңа маусымдағы ең басты міндеттердің бірі дейді испан жігіті.

Хабар 24 телеарнасы