378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сабина Алтынбекова Дубай командасына ауысты

  • 409
  • UPD: 14:06, 20.12.2019
Сабина Алтынбекова Дубай командасына ауысты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Васл» командасының жейдесін киді, деп хабарлады prosports.kz.

Бұл туралы спортшының өзі Instagram-парақшасында хабарлады.

 «2020 жылға жаңа үмітпен», - деп жазды Сабина Алтынбекова жаңа командасының жейдесінде түскен суретін жүктеп.

«Аль-Васл» – Дубай қаласының командасы, бірнеше спорт түрінен командаларды біріктірген мультиспортты клуб. Биыл «Аль-Васл» волейболдан Арабия Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, 23 жастағы волейболшы бұған дейін де шетелде ойнап көрген. Ол 2015 жылы Жапонияның екінші лигасында бақ сынайтын CSS Sunbeam командасының сапында ойнады. Ал Қазақстанда «Алматы» клубында өнер көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы