413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды

  • 796
  • UPD: 17:53, 20.12.2019
Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды

Бас қаладағы «Дәулет» спорт кешенінде қазақ күресінен VIII әлем чемпионаты жалауын желбіретті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жиын басында Мəдениет жəне спорт вице-министрi Елдос Рамазанов қазақ күресiнен əлем чемпионатының ашылуымен құттықтай отырып, балуандарға сəттiлiк пен жеңiс тiледі.

Ал күнi кеше ғана Дүниежүзiлiк қазақ күресi қауымдастығының басшылығына кiрiскен Алик Шпекбаев бəсекенiң əлемдiк деңгейде ɵтуiне атсалысқан жандарға алғыс бiлдiрдi.

«Қазақ күресiн спорттың iшiндегi бiрегей түрi деп айтуға болады. Бұл спортты əлемдiк деңгейде ɵткiзуге үлесi тиген азаматтарға, сол сияқты Нұр-Сұлтан қаласының əкiмдiгiне жəне Дүниежүзiлiк қазақша күрес қауымдастығына алғыс бiлдiремiн. Бүгiн сынға түсетiн балуандарға сəттiлiк серiк болсын дегiм келедi. Қазақ күресiнiң VIII əлем бiрiншiлiгi ашық деп жариялаймын», - деп бiрер күн бұрын ғана Дүниежүзiлiк қазақ күресi қауымдастығының президентi болып сайланған Алик Шпекпаев байрақты бəсекенiң шымылдығын ашты.

Ел астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатына 33 елден 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсеке барысында ерлер (6 салмақ) мен әйелдер (6 салмақ) арасында 12 салмақ дәрежесінде чемпиондық атақ сарапқа салынбақ.

Бiрiккен күрес əлемi, белбеу күрес комитетiнiң президентi Шолпан Сұлтанбекова ɵз сɵзiнде мұндай жарыстың ɵтуi спорттың дамуына үлкен серпiн беретiнiн айта отырып, тɵрешiлерге қандай жағдай болмасын əдiл шешiм шығаруды сенiп тапсырды.

Айта кетейік, əлем чемпионаты Біріккен Күрес Әлемінің (United World Wrestling) 2019 жылға арналған ресми күнтізбесіне енген және жарыстар толықтай UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілердің қатысуымен өткізілмек.

Хабар 24 телеарнасы