377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ИФФ «Барселонаға» айыппұл салды

  • 147
  • UPD: 10:33, 21.12.2019
ИФФ «Барселонаға» айыппұл салды Prosports.kz

Испания футбол федерациясының тәртіптік комиссиясы Ла Лига аясындағы «Реалмен» ойын кезіндегі оқиғадан кейін «Барселонаға» айыппұл салғанды жөн деп тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1500 еуро. Дәл осы мөлшерде каталониялық клубқа айыппұл салынды.

Еске сала кетелік, «Барса» фанаттары «Эль-Класиконың» 56-минутында наразылық шеруіне шығушыларға қару кезенген полицейлердің резина оқтарына ұқсас ондаған доптарды алаңға лақтырған. «Бостандық!» ұранымен қабаттаса пайда болған перфомансқа «Демократиялық цунами» деген атау берілді.

Барселона қаласында ойыннан кейін де, ойынға дейін де Каталонияны Испаниядан бөлу туралы ұрандаған наразылық шеруінде 60-тан астам адам жарақат алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы