376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ювентус» ойыншыларының есімдері жейделеріне арабша жазылатын болды

  • 181
  • UPD: 10:25, 26.12.2019
«Ювентус» ойыншыларының есімдері жейделеріне арабша жазылатын болды Prosports.kz

Туриндік «Ювентус» Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өтетін Италия Суперкубогына арнайы жейде тіктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ювентус» ойыншыларының есімдері жейдеге араб әріптерімен жазылса, нөмірлер өрме жазумен көмкеріледі. Бұл форма саудия-марокколық каллиграфия суретшісі Шакер Қашғаримен бірлесе отырып жасалды.  

Италия Суперкубогы матчы  22 желтоқсан күні «Ювентус» пен «Лацио» арасында «Кинг Сауд Юниверсити» стадионында өтеді.

Еске сала кетелік, өткен маусымда А сериясының жеңімпазы атанған «Ювентус» пен Италия кубогын жеңіп алған «Лацио» Суперкубокқа таласуға мүмкіндік алды.

Хабар 24 телеарнасы