376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар XII сурдлимпиадалық ойындардың жеңімпаздарын қарсы алды

  • 158
  • UPD: 23:49, 21.12.2019

Дода желтоқсанның 11-21 аралығында Италияда өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спорт сайысына әлемнің 40-тан аса құрама командасы қатысты. Ерекше атлеттер шаңғы жарысы, тау шаңғысы, керлинг, хоккей сияқты қысқы ойын түрлерінен бақ сынады. Денис Клюев сноубордтан еліміздің намысын қорғады. Кездескен қиындықтар мен қарсыластарының тың дайындығына қарамастан, ол 4-орынды иеленді. Ойын тарихында бірінші рет спортшылар шахмат ойнаудан жарысқа түсті. Зияткерлік ойында қазақстандық спортшыларға ешкім тең келмеді. Еліміздің командасы Германияның, Хорватия мен Ресей командаларын ұтып, алтын иеленді. «Бұл – табанды еңбектің арқасы», - дейді спортшылар.

Сергей Ким, Шахматтан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы:

- Мен осындай білікті ұйымшыл командамен жұмыс істегеніме қуаныштымын. Спортшылар жеке де, командалық ойында да жоғары нәтиже көрсетті. Олар елімізге алтын медаль әкелу үшін бар күш-жігерлерін салды.

Хабар 24 телеарнасы