426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

  • 879
  • UPD: 12:58, 23.12.2019
Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды inbusiness.kz

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

GGG көктемде рингке оралып, міндетті қарсыласы польшалық Камил Шереметке қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде Геннадий 5 қазанда Сергей Деревянченкодан жеңіп алған IBF титулын алғаш рет қорғайды. Кездесу Чикагода өтеді деген жорамал бар.

«Головкин Шереметпен наурыздың соңында, нақтырақ айтсақ, 28 наурызда кездесуі мүмкін», – деп мәлімдеді Хирн.

Хабар 24 телеарнасы