419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Макгрегор – Серроне жекпе-жегіне барлық билеттер бір күнде сатылып кеткен

  • 641
  • UPD: 15:55, 23.12.2019
Макгрегор – Серроне жекпе-жегіне барлық билеттер бір күнде сатылып кеткен

19 қаңтар күні өтетеін UFC 246 турниріне билеттер бір тәулік ішінде сатылып кетті.

Кештің басты жекпе-жегінде 77 келі салмақ дәрежесінде ирландиялық Конор Макгрегор мен Дональд Серроне кездеседі. 

Билеттер құны 200-1500 АҚШ доллары арасында бағаланған. Қазіргі кезде билеттерден 10 миллион АҚШ доллары пайда түскен. 

Макгрегор мен Серроне кездесуі Лас Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. 

36 жасар Дональд Серроне ММА-де 50 жекпе жек өткізіп, 36 рет жеңіс тойын тойлаған. Ал Макгрегор 25 кездесу өткізіп, 21 рет қарсыластарынан басым түссе төрт рет жеңіліс дәмін татқан. 

Еске салсақ, Конор Макгрегор соңғы жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагамедовке қылқындыру әдісімен жеңіліп қалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы