420,07 490,30 5.68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин Токио Олимпиадасына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

  • 626
  • UPD: 11:01, 24.12.2019
Головкин Токио Олимпиадасына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін © Jose Miranda/Frontproof Media

Головкин 55 мың адам сыятын аренада титулдар біріктіретін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Top Rank басшысы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады vesti.kz.

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) осы дивизионда WBA «регуляр» белбеуіне ие Риота Муратаның (16-2, 13 KO) қарсыластар тізімінде бар. Бұл туралы жапониялық боксшының ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мәлімдеді. 

23 желтоқсан Йокогамада (Жапония) Мурата бесінші раундта канадалық Стивен Батлерді (28-2-1, 24 KO) нокаутқа түсіріп, титулын қорғап қалды.

Арумның сөзінше, енді промоутерлер жапониялық боксшы мен Головкин немесе Сауль «Канело» Альварес арасында жекпе-жек ұйымдастырғысы келеді. Ал кездесуді Олимпиада ойындары басталмай тұрып, Жапониядағы 55 мың адам сиятын «Токио Доум» аренасында өткізбек.

«Токио Олимпиадасы алдында осында «Канело» немесе Головкинді алып келіп, «Токио Доум» аренасында Муратамен үлкен жекпе-жек ұйымдастырғымыз келеді. Екі боксшы да Жапонияға ойланбастан келіп, Муратамен үлкен жекпе-жек өткізуге дайын екендерін айтқан. Осыны ұйымдастырамын деген үміттемін», - деп келтірді Арумның сөзін The Japan Times.

Хабар 24 телеарнасы