378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мэйвезер ең табысты спортшылардың көшін бастады

  • 157
  • UPD: 10:28, 25.12.2019
Мэйвезер ең табысты спортшылардың көшін бастады wrestlingua.com

Forbes журналы 2010-19 жылдар аралығындағы ең табысты спортшылардың тізімін жариялады.

Бұл тізімде он жылда 915 млн доллар пайда тапқан боксшы Флойд Мэйвезер көш басында тұрса, екінші орынға «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду жайғасқан. Оның табысы – 800 млн доллар. Үздік үштікті Месси қорытындылаған – аргентиналықтың еншісінде 750 млн доллар бар.

Рейтингте спортшының жалақысы, сыйақылар мен бонустары есептелген, одан қалды имидждік құқықтарды қолданудан түскен табыстар да енген. Спорттық карьерасынан кейінгі табыс қарастырылмаған.

Топ-10:

1.Флойд Мэйвезер (бокс) – 915 млн

2.Криштиану Роналду (футбол) – 800 млн

3.Лионель Месси (футбол) – 750 млн

4.Леброн Джеймс (баскетбол) – 680 млн

5.Роджер Федерер (теннис) – 640 млн

6.Тайгер Вудс (гольф) – 615 млн

7.Фил Микельсон (гольф) – 480 млн

8.Мэнни Пакьяо (бокс) – 435 млн

9.Кевин Дюрэнт (баскетбол) – 425 млн

10.Льюис Хэмилтон («Формула-1») – 400 млн доллар.

Қалтасы қалың қырық спортшының қатарында әйелдерден тек теннисші Серена Уильямс бар. Оның табысы 215 млн долларды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы