377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ең бастысы, Вардиге допты бермеңдер – Юрген Клопп

  • 290
  • UPD: 10:54, 25.12.2019
Ең бастысы, Вардиге допты бермеңдер – Юрген Клопп

Жақында ғана клубтар арасында әлем чемпионы атанған «Ливерпуль» енді Премьер-лигадағы ең маңызды матчтарының бірін өткізеді.

Юрген Клопп шәкірттері 19-турда «Лестерге» қонаққа барады. Дәл қазір «Ливерпуль» турнир кестесінде 49 ұпаймен топ басында тұр. «Лестер» 39 ұпаймен екінші орында келеді. Сондықтан бұл ойын чемпиондық жарыстың тағдырына әсер етуі мүмкін. «Ливерпуль» араға 30 жыл салып, премьер-лигада топ жаруға ұмтылады. Бірақ «Лестер» де оңай шағылар жаңғақ емес. Команда сапында лиганың үздік шабуылшысы Джейми Варди бар. Ол биылғы маусымдағы 18 кездесуде 17 гол соқты.  

Юрген Клопп, «Ливерпуль» ФК Бас бапкері:

- Біз Вардиді тоқтатуға тырысамыз. Ол ерекше шабуылшы, Англияда мен көрген үздік үшеудің бірі. Ең бастысы оған доп бермеу керек. Алайда «Лестер» тек Джейми Варди емес қой. Бұл жоғары деңгейдегі тамаша команда. Біздің жартылай қорғаушымыз Окслейд клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында жарақат алып қалғаны белгілі. Сондықтан ол алаңға шыға алмайды.

Хабар 24 телеарнасы