429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин-Деревянченко кездесуі үздік жекпе-жектер тізіміне енді

  • 392
  • UPD: 12:56, 26.12.2019
Головкин-Деревянченко кездесуі үздік жекпе-жектер тізіміне енді

Boxing News журналы 2019 жылы кәсіпқой бокстағы үздік жекпе-жектердің ондығын жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Оған сәйкес, 5 қазанда Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық боксшы Сергей Деревянченко арасында өткен IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпиондығы үшін айқас 5-орыннан көрінді.

«Бұл кездесуде екі боксшының да қажыған және алаңдатқан сәттері болды, бірақ Нью-Йорк төрешілері бірауыздан Головкинге басымдық беріп, ол IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын жеңіп алды», – делінген басылымда.

Толық ондық тізімі мынадай:

  1. Наоя Иноуэ — Нонито Донейр-Дерев
  2. Джош Тейлор — Реджис Прогре
  3. Энди Руис — Энтони Джошуа
  4. Эррол Спенс — Шон Портер
  5. Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко6. Хосе Рамирес — Морис Хукер
  6. Стивен Уорд — Лиам Конрой
  7. Артур Бетербиев — Александр Гвоздик
  8. Джулиан Уильямс — Джарретт Херд
  9. Роберт Таларек — Патрик Шимански.
Хабар 24 телеарнасы