378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Златан Ибрагимович «Миланға» оралады

  • 143
  • UPD: 23:15, 26.12.2019
Златан Ибрагимович «Миланға» оралады

Шабуылшы Златан Ибрагимович «Миланға» оралуға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, 38 жастағы швед футболшысы миландық клубпен маусым соңына дейін шартқа отырады. Келісімге ертең қол қойылуы мүмкін.

Еске салсақ, Ибрагимовичтің соңғы клубы «Лос-Анджелес Гэлакси» болды.

Айта кетейік, Ибрагимович «Миланда» 2010 жылдан 2012 жылға дейін ойнап, команда құрамында Италия чемпионы атанды.

Хабар 24 телеарнасы