379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық үш файтер АСА-ның үздіктер рейтингісіне енді

  • 171
  • UPD: 18:25, 27.12.2019
Қазақстандық үш файтер АСА-ның үздіктер рейтингісіне енді prosports.kz

ACA баспасөз қызметі барлық салмақ дәрежелері бойынша үздік топ-10 файтердің рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Компанияның аталған рейтингісіне қазақстандық үш жауынгер – Артем Резников, Асылжан Бақытжанұлы және Евгений Егембердиев енді.

Артем Резников биыл қазан айында ACA 100: Fight Day турнирінде сегізбұрышқа шығып, ұйым туы асындағы дебютін сәтті өткізген болатын. Грозныйда өткен турнирде отандасымыз Хасан Халиевті жеңген еді. Осы жеңісінің арқасында Артем жеңіл салмақта (70 келі) үздік он спортшының қатарына енуге мүмкіндік алды.

Резников келесі жекпе-жегін келесі жылдың наурыз айында Алматыдағы турнирде өткізеді.

Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде бірден екі файтер үздік ондыққа енді. Атап айтқанда, Евгений Егембердиев бесінші орынға, Асылжан Бақытжанұлы жетінші сатыға жайғасты.

Хабар 24 телеарнасы