377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин мен «Канело» трилогиясы 2020 жылы өтеді

  • 217
  • UPD: 11:05, 29.12.2019
Головкин мен «Канело» трилогиясы 2020 жылы өтеді Worldboxingnews.net

Matchroom Boxing промоутері және DAZN стримингтік платформасының жетекшісі Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі 2020 жылы өтетініне сенімді.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Хирннің сөзінше, трилогия 2020 жылдың қыркүйегінде өтуі керек. Оның алдында, яғни наурызда Головкин IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу үшін поляк Камил Шереметамен бақ сынасады. Одан соң рингке, мамыр айында «Канело» шығады. Мексикалықтың карсыласы орта салмақтағы екі әлем чемпионының біреуі шығады деген болжам бар. Олар Каллум Смит пен Билли Джо Сондерс.

Бұған дейін Альварес Головкинмен жекпе-жектері осымен бітті деп есептейтіндігін айтқан болатын. Алайда ол егер қаржылық жағынан жақсы ұсыныс болса, кездесуден бас тартпайтынын да білдірді.

Хабар 24 телеарнасы