377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Федор Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын нокаутқа түсірді

  • 185
  • UPD: 13:38, 29.12.2019
Федор Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын нокаутқа түсірді Fight Nights Global 50

Федор Емельяненко жеңіліске ұшырағаннан кейін 11 ай өткен соң жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қаңтарда америкалық файтер Райан Бейдерден жеңіліп қалған ресейлік бүгін АҚШ-тың басқа спортшысымен, UFC экс-чемпионы Куинтон Джексонмен кездесті.

Бұл Сайтамда (Жапония) өткен Bellator 237 аралас жекпе-жек турнирінің басты оқиғасы болды. Емельяненко бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді.

Енді ресейлік спортшының қоржынында ММА-ден 46 жекпе-жек бар, оның 39-ы жеңіспен аяқталған. Сонымен қатар, алты рет жеңілген, тағы бір жекпе-жек өтпей қалған.

Айта кетейік, қоштасу туры аясында 43 жастағы Емельяненко тағы екі жекпе-жек өткізеді.

«Өкінішке қарай, менің карьерам аяқталады. Мүмкін бұл менің Жапониядағы соңғы жекпе-жекім», - деді ресейлік спортшы жеңістен кейін.

Хабар 24 телеарнасы