412,55 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әли Тұрғанбеков әйгілі Роналдумен жүздесті

  • 637
  • UPD: 14:44, 29.12.2019
Әли Тұрғанбеков әйгілі Роналдумен жүздесті

Криштиану Роналдумен бір алаңда футбол ойнау – әр өреннің арманы.

Бес мәрте «Алтын доптың» иегері болған спортшы қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекше бала осы бір ерекше сәтті әлеуметтік желіге жүктеген. Әли «Ювентус» командасының шабуылшысымен бірге доп теуіп, құшақ алмасты. Естелікке отандық шоколадты тарту етті. Португалдық чемпион өз кезегінде допқа қолтаңба қалдырды. Бүгінде аяқсыз туған баланы әлемдік спорт жұлдыздары әбден танып алған. Бұған дейін ол UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен, «Барселонаның» экс-капитаны Хавимен кездескен. Тамыз айында UEFA суперкубогының марапаттау рәсіміне қатысты.

Хабар 24 телеарнасы