376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ливерпуль» жылдың үздік командасы атанды

  • 154
«Ливерпуль» жылдың үздік командасы атанды Eurosport

«Ливерпуль» биылғы жылдың үздік командасы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ағылшын клубы дауыс беру қорытындысында «Аякс» пен «Лионның» әйелдер командасын артқа тастады. «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп жаттықтырушылар арасында үздік шықса, команда ойыншысы Алисон Бекер қақпашылар арасында топ жарды. 2019 жылы «Ливерпуль» чемпиондар лигасында жеңіске жетіп, УЕФА суперкубогы мен клубтар арасында әлем чемпионы атанды. Еуропа клубтар қауымдастығы мен футбол агенттерінің ұйымы ұйымдастырған салтанатты марапаттау рәсімі Дубай қаласында өтті. Жылдың үздік футболшысы болып, «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду танылды. Португалиялық футболшы бұл атақты қатарынан төртінші рет алып отыр. Жоау Фелиш жыл жаңалығы атанса, Люси Бронз әйелдер арасында озды.

Хабар 24 телеарнасы