427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» биылғы жылды жеңіспен аяқтады

  • 495
  • UPD: 09:15, 31.12.2019
«Барыс» биылғы жылды жеңіспен аяқтады

«Барыс» биылғы жылды жеңіспен аяқтады. Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдаған айдын иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Үш шайба да алғашқы жиырма минутта соғылды. Алдымен Кори Кейн «Куньлунды» алға шығарды. Сосын Корбэн Найт пен Дастин Бойд мергендік танытып, «Барыстың» мерейін үстем етті. Алғашқы кезеңдегі нәтиже екінші, үшінші периодта да өзгерген жоқ. Елорда командасы 42 ойыннан кейін 55 ұпай жинап, шығыс конференциясында үшінші орынға жайғасты. «Барыс» келесі кездесуін 4 қаңтарда өткізеді. Андрей Скабелка шәкірттері Риганың «Динамосына» қонаққа барады.

Хабар 24 телеарнасы