376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан жастар құрамасы хоккейден әлем чемпионатын сәтсіз өткізді

  • 116
  • UPD: 12:08, 31.12.2019
Қазақстан жастар құрамасы хоккейден әлем чемпионатын сәтсіз өткізді

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын сәтсіз өткізді. Сергей Старыгиннен тәлім алатын жерлестеріміз өз тобындағы барлық кездесуде жеңіліп қалды. Кеше ұлттық құрама Швециядан 2:6 есебімен ұтылды. Қазақстан сапынан Максим Мусоров пен Олег Бойко мергендік танытты. Енді біздің құрамасын элиталық топта қалу үшін тағы бір сынақ күтіп тұр. 2 қаңтарда Қазақстан екінші топта соңғы орын алған командамен сынға түседі.

Өткен сенбіде «Монаконың» тізгінін ұстаған Роберто Морено алғашқы жаттығуын өткізіп, ойыншылармен жақын танысты. 42 жастағы жаттықтырушы бұған дейін Испания құрамасында еңбек етті. Оған дейін «Рома», «Сельта», «Барселона» командаларында жаттықтырушылар штабында болды. Енді Морено алғаш рет бас бапкерлік қызметке кіріседі. Қазір «Монаконың» жағдайы қиын. Маусымды ала-құла бастаған команда Франция чемпионатында жетінші орында келеді. Роберто Морено клубпен 2022 жылдың жазына дейін келісім-шартқа отырды. "Бапкерлік біліктілігімді шыңдап, маман ретінде өскім келеді. Сондықтан «Монаконың» тізгінін ұстадым. Команда сапындағы футболшылар көңілімнен шықты. Енді тек дұрыс жұмыс істеу керек" - дейді Морено. Испаниялық жаттықтырушының Франциядағы алғашқы сынағы алдағы сенбіде өтеді. «Монако» Франция кубогі аясында «Реймспен» кездеседі. Сосын лиганың мықтысы ПСЖ күтіп тұр.      

Әлемнің екінші ракеткасы Новак Джокович Австралияның Брисбен қаласына келді. Сербиялық теннисші жасыл құрлықта 2020-шы жылғы маусымды бастайды. Джокович Сербия құрамасы сапында АТР кубогында сынға түседі. Командалық жарыс 3-12 қаңтар аралығында өтеді. Сербия А тобында Франция, Чили және Оңтүстік Африка Республикасымен кездеседі. Новак Джокович кортқа 4 қаңтарда шығады. 2020 жылдың алғашқы теннис турнирі Брисбеннен бөлек Перт және Сидней қаласында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы