422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Волейболдан Қазақстан құрамасы лицензиялық турнирге дайындалуда

  • 687
  • UPD: 12:19, 31.12.2019
Волейболдан Қазақстан құрамасы лицензиялық турнирге дайындалуда

Волейболдан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы Алматыда дайындықтарын пысықтауда, деп хабардады  Olympic.kz.

Оқу-жаттығу жиынының мақсаты – келесі жылы Қытайда өтетін лицензиялық турнирге тыңғылықты дайындықпен бару. Жаттығу жиынында волейболшылар үшін арнайы бағдарламалар бекітілген.

Айта кетерлігі, квалификациялық турнир 2020 жылы 7 қаңтар мен 12 қаңтар аралығында Қытайда өтеді.

Токио Олимпиадасына бір жолдама ойнатылатын додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Қытай, Иран және Тайбеймен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы