426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ФИФА офсайдты анықтау ережесіне өзгеріс енгізбек

  • 404
  • UPD: 21:24, 01.01.2020
ФИФА офсайдты анықтау ережесіне өзгеріс енгізбек

Егер шабуылдаушы ойыншы қорғаныстағы қарсыластың алдына бүкіл денесімен шығып, олардың арасы алшақ болып, қақпаға жақындау болған жағдайда ғана офсайд жазылатын болады.

Ал қазіргі уақытта офсайд гол салуға мүмкіндігі болған шабуылшы денесінің бір бөлігі қорғаныстағы ойыншыдан сәл асып кеткен жағдайда белгіленеді.

Еске сала кетсек, офсайд ережесіне 1990 жылы өзгеріс енгізілген болатын. Онда шабуылға шыққан ойыншыларға қорғаушы жақтың соңғы ойыншысымен бір сызықта болуына рұқсат етілген еді.

The Times

Хабар 24 телеарнасы