428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайсар» Түркияға жаттығу жиынына аттанады

  • 594
  • UPD: 23:59, 01.01.2020
«Қайсар» Түркияға жаттығу жиынына аттанады

Қызылорданың «Қайсар» командасы бүгін алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу мақсатында Түркияға аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы команданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Анталия қаласында өткізіледі.

Қызылордалық клуб 3-23 қаңтар аралығында Анталияда екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге қарсыластар анықталуда. «Қайсар» командасы клубтан кеткен және жаңадан келген ойыншылар жөнінде ешқандай мәлімет берген жоқ. Дегенмен, ақпарат көздерінде Джон Джошуа, Тигран Барсегянның өзге клубтарға ауысатыны жөнінде хабарлады. Ал қорғаушы Александр Марочкин енді Қостанайдың «Тобыл» командасының намысын қорғайтыны белгілі болып отыр.

2019 жылы «Қайсар» Қазақстан кубогіне қол жеткізді. Нәтижесінде биыл тұсаукесер ойынын Еуропа лигасы екінші кезеңінен бастайды. Сондықтан алдағы маусымға дайындықты тиянақты жүргізуді көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы