377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік БАҚ: Роналду «Ювентусте» 2023 жылға дейін ойнайды

  • 127
Шетелдік БАҚ: Роналду «Ювентусте» 2023 жылға дейін ойнайды Prosports.kz

«Ювентус» футбол клубы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдумен келісімшартты ұзартпақ, деп хабарлайды Prosports.kz италиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ойыншының өкілі Хорхе Мендес туриндік клуб басшылығымен келіссөздер жүргізген, тараптар Роналдумен қазіргі келісімшартты 2023 жылдың жазына дейін ұзартуға келісті. Қазіргі келісімшарт 2022 жылдың маусымына дейін жарамды.

Еске сала кетелік, 34 жастағы португалиялық Туринде 2018 жылдан бері ойнап келеді.

Осы маусымда Роналду барлық турнирлерде 21 матч өткізіп, 12 гол соғып, 2 пас берді.

Хабар 24 телеарнасы