380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшы «Қайратқа» ауысуы мүмкін

  • 127
  • UPD: 20:39, 02.01.2020
2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшы «Қайратқа» ауысуы мүмкін footballhd.kz

Ол 2018 жылғы ӘЧ-де 2 матчқа қатысқан.

Болгариялық «Лудогорец» пен Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски алматылық «Қайратқа» ауысуы мүмкін. Бұл туралы UEFA.com тілшісі Петр Козьминьски хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, 27 жастағы Гуральски алматылық клубқа жазда «Лудогорецпен» келісімшарты біткен соң ауысуы мүмкін. ФИФА ережесі бойынша, футболшы қазір басқа командалармен келіссөз жүргізе алады.

«Лудогорец» сапында Гуральски 2017 жылдан бері ойнап келеді, бүгінде екі рет Болгария чемпионы атанған. Ал өз елінде «Ягеллония» мен «Вислада» өнер көрсеткен.

Польша құрамасында футболшы 13 матч өткізіп, бір гол соққан. 2018 жылғы әлем чемпионатында екі ойынға қатысқан. ЕУРО-2020 іріктеу кезеңінде Горальски төрт матч өткізіп, командасының финалдық кезеңге жолдама алуына көмектескен.

Хабар 24 телеарнасы