378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дияс Гонконгтегі жарыста жартылай финалға шықты

  • 164
  • UPD: 15:24, 03.01.2020
Дияс Гонконгтегі жарыста жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгта өтіп жатқан ITF World Tennis Tour Women's 25K Hong Kong турнирінің 1/2 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Дияс ширек финалдағы ойында грузин теннисшісі Екатерина Горгодзені 6:0, 7:6 (2) есебімен жеңді. Корттағы тартыс 1 сағат 31 минутқа созылды. 

Финалға шығу үшін отандасымыз американдық Сачия Викеримен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы