476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Командалық спорт түрлерін жүйелі түрде дамыту қажет – «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы

  • 1657
Командалық спорт түрлерін жүйелі түрде дамыту қажет – «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы

Елімізде командалық спорт түрлерін жүйелі түрде дамыту қажет.

Мәселен, баскетболда тек кәсіпқой спортшыларға ғана мән бермей, оның студент, оқушы, тіпті бала кезден қалыптасуына жағдай жасаған жөн. Бұған қоса, осы ойынға қажетті инфрақұрылымды да бірте-бірте қалыпқа келтіру керек. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Рүстем Ерғали осыдай пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпқой баскетболшы алдағы уақытты мұндай әлеуметтік бастамаларды қолға алып, бұқаралық спорттың дамуына титтей де болса үлес қоссам дейді.

Рүстем Ерғали, баскетболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Дәл қазір «Астана» клубындағы ойындардан бөлек, балалар спортын дамытуды да қолға алдым. Арнайы академия құрып, болашақ чемпиондар даярлығына ден қойдық. Айта кету керек, жас толқынның ынтасы өте жоғары. Енді біз оларға дұрыс бағыт сілтеп, қажетті жағдайды жасау керекпіз. Осы бағыттағы бастамаларды жүзеге асыруда 100 жаңа есім жобасы қосымша жігер беріп, құлшынысымды одан сайын арттыра түсті.

Хабар 24 телеарнасы