419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» қорғаушысы ҚХЛ-дың символикалық құрамына енді

  • 555
«Барыс» қорғаушысы ҚХЛ-дың символикалық құрамына енді prosports.kz

«Барыстың» қорғаушысы Роман Старченко желтоқсан айында ҚХЛ символикалық құрамасына кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Желтоқсанның үздік ойыншыларын анықтаған қазылар алқасының құрамына Ресей чемпионатының қола жүлдегері, Ресей құрамасының экс-голкипері Александр Фомичев, әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Гуськов, Гагарин Кубогының екі дүркін иегері, Ресейдің үш дүркін чемпионы және Еуропа чемпиондары кубогының иегері Алексей Бадюков кірді.

«Старченко – осы маусымдағы өз командасының нағыз көшбасшысы. «Барыстың» турнирлік кестенің жоғарғы жағында тұруы таң қаларлық жайт емес. Старченко Найт пен Виделмен бірге мергендік қасиеттерін өте жақсы көрсетіп. Желтоқсан айында сегіз шайба соғуы – соның айғағы», - дейді Бадюков.

Хабар 24 телеарнасы