375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2019 жылы ең көп жанкүйер жиналған футбол матчы анықталды

  • 140
  • UPD: 20:17, 04.01.2020
2019 жылы ең көп жанкүйер жиналған футбол матчы анықталды

Футбол әлемінде беделді Transfermarkt сайты 2019 жылы жанкүйер көп жинаған 10 матчтың тізімін жасады. 

Рейтингті Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында өткен «Барселона» - «Ливерпуль» матчы бастады. Камп Ноудағы кездесуді тамашалау үшін 98 299 жанкүйер келген.

2019 жылы ең көп көрермен келген 10 матч:

1. «Барселона» - «Ливерпуль» (Камп Ноу, Барселона, 1 мамыр) - 98 299 көрермен;
2. «Кайзер Чифс» - «Орландо Пайретс» (Соккер Сити, Йоханнесбург, 9 қараша) - 88 000 көрермен;
3. «Манчестер Сити» - «Уотфорд» (Уэмбли, Лондон, 18 мамыр) - 85 854 көрермен;
4. Жыл ішінде бірнеше матч (Сигнал Идуна Парк, Дортмунд) - 81 365 көрермен;
5. «Реал» - «Барселона» (Сантьяго Бернабеу, Мадрид, 27 ақпан) - 80 472 көрермен;
6. Жыл ішінде бірнеше матч (Азади, Тегеран) - 80 000 көрермен;
7. Франция - Албания (Стад де Франс, Сен-Дени, 7 қыркүйек) - 78 000 көрермен;
8. «Милан» - «Интер» (Сан-Сиро, Милан, 17 наурыз) - 77 749 көрермен;
9. Жыл ішінде бірнеше матч (Альянц Арена, Мюнхен) - 75 000 көрермен;
10. «Герта» - «Боруссия» Дортмунд (Олимпиадалық стадион, Берлин, 16 наурыз) - 74 667 көрермен.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы