376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Канело» 2019 жылдың үздік боксшысы атанды – BoxingScene

  • 135
  • UPD: 20:49, 04.01.2020
«Канело» 2019 жылдың үздік боксшысы атанды – BoxingScene

Беделді BoxingScene сайты мексикалық боксшы Сауль Альваресті 2019 жылдың үздік боксшысы деп таныды.

«Дэниел Джейкобс пен Сергей Ковалевқа қарсы жарқын жеңістер, қауіпті қарсыластар, мықты мақсаттар «Канелоны» жоғарғы марапатқа жетелеп, BoxingScene нұсқасы бойынша 2019 жылдың үздік боксшысы атанды.

«Канеломен» қатар кіші Эррол Спенс, Мэнни Пакьяо, Наои Иноуэ мен Джош Тейлордің нәтижесі керемет болды. Бірақ «Канело» төрешілерге қалай әсер ету керегін, қалай нәтижеге қол жеткізу керегін дәлелдеп берді», - деп жазады басылым.

Естеріңізге сала кетейік, 29 жастағы боксшы 2019 жылы екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы