376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» хоккейшілері Риганың «Динамосынан» ұтылып қалды

  • 272
  • UPD: 23:33, 04.01.2020
«Барыс» хоккейшілері Риганың «Динамосынан» ұтылып қалды

Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Латвияның «Динамо» (Рига) командасымен шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Динамо» биыл сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Нәтижесінде турнир кестесінде соңғы орындарда тұр. Десек те, бүгінгі кездесуде елордалық клубқа табанды қарсылық көрсетті.

Ойынның бірінші кезеңінің 8-минутында «Барыс» хоккейшісі Максим Семенов 10-минутта айыппен жазаланды. Ал 12-минутта «Динамо» сапынан Кирилл Слепец мергендік танытты. Осылайша бірінші кезең латыш хоккейшілерінің басымдығымен аяқталды. Екінші және үшінші кезеңдерде «Барыс» таразы басын теңестіруге ұмтылған болатын. Дегенмен, ойлаған мақсатына жете алмай жатты. Ақыры «Барыс» 2020 жылдың алғашқы кездесуінде қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Енді «Барыс» келесі екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 6 қаңтарда Ресейдің «Авангард» (Омбы командасымен кездесе), 8 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командаларымен шеберлік байқасады.

Хабар 24 телеарнасы