430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтеді

  • 777
  • UPD: 09:28, 05.01.2020
Жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтеді

5-18 қаңтар аралығында Алматыда 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында классикалық шахматтан, рапид пен блицтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жарыс 9 кезеңде швейцариялық жүйе бойынша өткізіледі. Классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас санатындағы ҚР Чемпиондары 2020 жылы классикалық шахматтан жасөспірімдер арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас санатындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегерлері 2020 жылы классикалық шахматтан жасөспірімдер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне (2014 жылға дейін дүниеге келгендер) медальдар, дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етіледі. 2014 жылы туған және одан жас жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталады. Чемпионаттың ұйымдастыру комитеті қосымша сыйлықтар бекіте алады.

Турнирдің ресми сыйлық қоры 2 000 000 теңге.

Хабар 24 телеарнасы