426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


15 жастағы бразилиялық Неймардың рекордын жаңартты

  • 345
  • UPD: 09:28, 05.01.2020
15 жастағы бразилиялық Неймардың рекордын жаңартты

«Освальдо» сұрмергені Пабло Хуан «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймардың рекордын жаңартты, яғни ол жасөспірімдер арасында «Сан-Пулу» кубогына қатысқан ең жас ойыншы болды, деп хабарлайды Тенгри ньюс.

Хуан 3 қаңтарда «Понте Претаға» қарсы ойында алаңға шықты. Алаңға шыққанда шабуылшының жасы 15-тен сәл асқан. Осылайша ол 2008 жылғы «Сантос» ойыншысы болған Неймардың рекордын жаңартты. Жасөсіпірмдер арасында «Сан-Паулу» кубогында ол 15 жас 11 айында ойнаған.

«Жасөсіпірімдер арасында «Сан-Паулу» кубогында ойнау мен үшін бала кезден арман болды, себебі бұл ұлы турнир, бүкіләлемдік үздік клубтар назар салады», – деді Хуан. «Освальдо» мен «Понте Прета» арасында өткен ойын 1:5 есебімен аяқталып, Хуанның командасы ойсырай жеңілді.

Хабар 24 телеарнасы