426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік маман Батыр Жүкембаевтың мықты жақтарын атады

  • 479
  • UPD: 09:55, 06.01.2020
Шетелдік маман Батыр Жүкембаевтың мықты жақтарын атады

Канадалық TheFightCity.com спорт порталының шолушысы Захари Алапи бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) үшін алдағы жыл сәтті өтеді деп болжады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

«Батыр Жүкембаев 17 жеңіске жетті, оның ішінде 13 нокаут жасады. Мұндай рекордпен және WBC, IBF белбеулерімен ол мықты боксшыға айналды. Ол әдемі жұдырықтасады және соққы алмасудан тайсалмайды. 2020 жылы ол өзінің шырқау шегіне жетіп, элиталы деңгейдегі қызықты бірнеше айқас өткізеді деген ойдамын. Жүкембаев – 25 қаңтарда Монреальда өтетін бокс кешінің хедлайнері. Ол промоушен жұлдыздарының біріне айналарына сенімдімін», - деді Алапи. 

Хабар 24 телеарнасы