429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы элиталық топтан шығып қалды

  • 356
  • UPD: 11:17, 06.01.2020
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы элиталық топтан шығып қалды

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы элиталық топтан шығып қалды. Сергей Старыгиннен тәлім алатын жастарымыз жұбаныш кездесуінде Германиядан ойсырай ұтылды.

Неміс хоккейшілері шешуші үшінші матчта Қазақстан қақпасына жауапсыз алты шайба соқты. Германия жастары 13-минутта есеп ашып, үзілістен кейін қарқындарын үдете түсті. Айналасы төрт минутта Владислав Нурек қорғаған қақпаға төрт шайба соққан неміс хоккейшілері кездесу тағдырын шешті. Соңғы периодта Германия тағы бір мәрте гол соғып, матчқа нүкте қойды. Қазақстан элиталық топпен қош айтысты. Жастарымыз келесі жылы бірінші дивизионда Беларусь, Дания, Венгрия, Латвия және Норвегиямен сынға түседі.

Хабар 24 телеарнасы