443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» баскетболшылары жаңа жылды жеңіспен бастады

  • 197
  • UPD: 11:28, 06.01.2020
«Астана» баскетболшылары жаңа жылды жеңіспен бастады

 ВТБ лигасының кезекті турында Красноярскінің «Енисейін» қабылдаған елорда командасы 95:90 есебімен басым түсті.

Ресейліктер алғашқы кезеңде ғана басымдық танытты. Қарсыластар алма-кезек алға шығып, матч тағдыры соңғы минуттарда шешілді. Ойынның бітуіне 17 секунд қалғанда «Енисей» баскетболшылары арадағы есеп айырмасын екі ұпайға дейін қысқартып, кездесуді шиеленістіре түскен еді. Алайда «Астана» сапынан Душан Ристич пен Малькольм Хилл мергендік танытып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады. Хилл осы кездесудің ең нәтижелі ойыншысы атанды. Елордалық баскетболшының еншісінде 29 ұпай бар. «Астана» ВТБ лигасындағы келесі ойынын 12 қаңтарда Пермь қаласында өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы