425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канаданың хоккейден жастар құрамасы Ресейді жеңді

  • 664
  • UPD: 11:39, 06.01.2020
Канаданың хоккейден жастар құрамасы Ресейді жеңді

Жастар арасындағы әлем чемпионатында Канада құрамасы топ жарды. Финалда үйеңкі жапырақты елдің хоккейшілері Ресейден басым түсті.

Элиталық топтың екі мықтысы алғашқы кезеңде есеп аша алған жоқ. Үзілістен кейін орыстар алға шықты. Никита Александров мергендік танытты. Сосын Канада сапынан Дилан Козенс таразы басын теңестірді. 35-минутта Григорий Денисенко Ресей құрамасын алға жетелеп, ойынды қыздыра түсті. Үшінші кезеңде Максим Соркин Канада қақпасына үшінші шайбаны соғып, орыстардың мерейін үстем етті. Алайда Канада жастары жасыған жоқ. Кездесудің аяқталуына он минут қалғанда олар жеңісті жұлып алды. Коннор Макмайкл мен Баррет Хэйтон және Акил Томастың шайбалары үйеңкі жапырақты елге алтын медаль сыйлады. Канада жастар арасындағы әлем чемпионатының 18 дүркін жеңімпазы атанды. Қола жүлде Швецияға бұйырды.

Хабар 24 телеарнасы