378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WBC Олимпиадаға қатысқаны үшін кәсіпқой боксшыларды жазалайды

  • 143
  • UPD: 14:11, 06.01.2020
WBC Олимпиадаға қатысқаны үшін кәсіпқой боксшыларды жазалайды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) мен Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Токиодағы 2020-Олимпиада ойындарына қатысқысы келетін кәсіпқой боксшыларды қолдау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BoxingScene.

Ал Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) мұндай бастамаға қарсы екенін жеткізді. Ұйымның мәлімдеуінше, Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін кез келген турнир мен олимпиада іріктеу турниріне қатысатын боксшылар екі жылға спорттан шеттетіліп, барлық рейтингтен шығарылады. Бұдан бұрын бірнеше мексикалық кәсіби боксшы Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысатынын жариялаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы