380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның киокушинкай-кан каратэ федерациясы 2020 жылдың жоспарын нақтылады

  • 92
  • UPD: 11:45, 07.01.2020

Әр ай сайын кемінде бір халықаралық жарыс. Қазақстанның киокушинкай-кан каратэ федерациясы ағымдағы жылдың жоспарын нақтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес жерлестеріміз айына бір рет құрлықтық не әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысуы тиіс. Мәселен, наурыз ауында ұлттық құрама Түркияда өтетін Еуропа чемпионатына аттанады. Артынша Әлем кубогы мен Азия кубогына қатысады. Одан кейін жазда Бішкектегі Азия чемпионатында бақ сынамақ. Федерация тарапынан спортшылардың кешенді жаттығу жүргізуіне барлық жағдай жасалған. «Оған жауап ретінде ұлттық құрама жүлделер санын еселеп, әлем үздіктері қатарында екенін кезекті рет дәлелдеуі қажет», - дейді Федерация президентінің орынбасары Сайрамбек Әбілқайыров.

Айта кетейік, осыдан тура бір ай бұрын елордада біріктірілген форматтағы әлем чемпионаты өтті және Қазақстан бұндай деңгейдегі жарысты қабылдау құрметіне алғаш ие болды.

Хабар 24 телеарнасы