377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс Қытайдағы турнирді сәтті бастады

  • 86
  • UPD: 14:04, 07.01.2020
Зарина Дияс Қытайдағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық Зарина Дияс Қытайдағы Шэньчжэнь WTA турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемнің 75-ракеткасы З.Дияс алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 397-орында тұрған қытайлық Йин-Йин Дуаньмен өткізді.

Қазақстандық спортшы қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен қиналмай жеңді.

Бәсеке 1 сағат 9 минутқа созылды. Теннисшілердің өзара кездесулеріндегі есеп теңесті – 2:2.

Осыған дейін Гонконгта жеңімпаз атанған Зарина Шэньчжэнь жарысының (жүлде қоры – 750 мың АҚШ доллары) екінші айналымында ресейлік, әлемнің 58-ракеткасы Анна Блинковамен кездеседі. Ол әлемнің 8-ші, осы турнирдің 1-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичті 3:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңіп кетті.

Хабар 24 телеарнасы