422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық волейболшылар лицензиялық турнирді жеңіспен бастады

  • 553
  • UPD: 18:11, 07.01.2020
Қазақстандық волейболшылар лицензиялық турнирді жеңіспен бастады

7 қаңтар күні Таиландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды.

Аталған сынды Қазақстан командасы жеңіспен бастады деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші кездесуде қазақстандықтар Иран құрамасымен кездескен болатын. Матч біздің команданың айқын басымдығымен аяқталды. Есеп – 3:0 (25:14, 25:16, 25:14).

Топтық кезеңде Қазақстан Ираннан бөлек Индонезия және Оңтүстік Корея командаларымен кездеседі. Өз тобында алғашқы екі орынды иеленген командалар жартылай финалға өтеді.

Хабар 24 телеарнасы