375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Садио Мане Африка құрлығының үздік футболшысы атанды

  • 101
Садио Мане Африка құрлығының үздік футболшысы атанды

Сенегал құрамасы мен «Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Мане Африка құрлығындағы 2019 жылдың үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты марапаттау рәсімі Египеттің Хургад қаласында өтті. Садио Мане дауыс беру қорытындысы бойынша «Ливерпульдегі» командаласы Мұхамед Салах пен «Манчестер Сити» ойыншысы Рияд Марезден озып кетті. Мане бұл сыйлыққа тұңғыш рет ие болды. 2016 жылы ол қара құрлықтағы үздік үштіктің қатарынан көрінген еді. Садио Мане өткен жылы Сенегал құрамасымен Африка ұлттар лигасында күміс жүлдегер атанып, «Ливерпульмен» чемпиондар лигасында топ жарды. Сонымен қатар клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы