429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин титулды жекпе-жегіне дайындықты бастады

  • 680
  • UPD: 15:43, 08.01.2020
Головкин титулды жекпе-жегіне дайындықты бастады © Eurosport

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлады Boxingnews24.com.

GGG шаршы алаңға көктемде оралады. Бастапқыда оның келесі кездесуі 8 ақпанға белгіленген, алайда оны 29 ақпанға ауыстырды. Кейінірек Головкиннің 28 наурызда шаршы алаңға шығатыны айтылды. Соңғы мәлімет бойынша, келесі жекпе-жегі сәуірде немесе мамырда өтеді.

Қарсыласына келер болсақ, негізгі үміткер ретінде поляк боксшысы Камил Шеремета болды. Олардың жекпе-жегін бүкіләлемдік бокс федерациясы (IBF) санкциялады.

Головкин осы кездесуде IBF титулын бірінші рет қорғайды, ол оны 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченконың төрешілер шешімімен жеңіп алған еді.

Хабар 24 телеарнасы