379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық боксшы жекпе-жекке бокс қолғабынсыз шықпақ

  • 284
  • UPD: 11:51, 09.01.2020
Америкалық боксшы жекпе-жекке бокс қолғабынсыз шықпақ vesti.kz

2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері америкалық Нико Эрнандес көктемде жалаң қолмен жұдырықтаспақ, деп хабарлады vesti.kz.

Қолғапсыз жұдырықтасатын жекпе-жек Bare Knuckle промоушенінің турнирі аясында өтеді. Бокс кешінің өтетін жері мен қарсыласы әзірге белгісіз. 

«Алда бокс қолғабынсыз біреудің бетінен жақсылап төпештеуіме тура келеді», - дейді Эрнандес. 

Айта кетсек, Эрнандес кәсіпқой бокстағы жеті жекпе-жегінің бәрінде жеңген.

Хабар 24 телеарнасы