379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лозаннада жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары басталады

  • 408
  • UPD: 11:51, 09.01.2020
Лозаннада жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары басталады

Швейцарияның Лозанна қаласында жасөспірімдер арасындағы үшінші қысқы Олимпиада ойындары басталады.

18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы кешенді сынға әлемнің 70 елінен екі мыңға жуық атлет қатысады. Жас спортшылардың сайысына Қазақстан құрамасы да аттанды. Еліміздің атынан 26 атлет 9 спорт түрінен сайысқа түседі.

Төрт жыл бұрын Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен қысқы Олимпиадада жерлестеріміз 1 күміс 3 қола медаль ұтып алған болатын. Лозаннада қысқы ойындардан бөлек, әлем спортына қатысты маңызды мәселелер қаралады. Халықаралық олимпиада комитетінің отырысында допинг мәселесі талқыға түседі. Соның ішінде ауыр атлетика мен Ресей спортына қатысты айыптаулар әңгіме болады.

Хабар 24 телеарнасы