445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада баскетболдан Азия кубогіне іріктеу кезеңі өтеді

  • 276
  • UPD: 13:05, 09.01.2020
Елордада баскетболдан Азия кубогіне іріктеу кезеңі өтеді

21 ақпан күні Нұр-Сұлтанда баскетболдан Азия кубогіне іріктеу турнирі басталады.

Іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында екі кездесу өткізеді деп жазды Olympic.kz.

21 ақпан күні қазақстандықтар Палестинамен, 24 ақпан күні Иордания құрамасымен жолығады. Айта кетелік, 2019 жылдың 8 маусымында тартылған жеребеге сәйкес, Қазақстан командасы Иордания, Шри-Ланка және Палестинамен бірге F тобына түсті.

2021 жылғы Азия кубогіне іріктеу кезеңіне Қазақстан ұлттық құрамасын «Астана» президенттік баскетбол клубының бас жаттықтырушысы, македониялық маман Эмиль Райкович дайындайды.

Хабар 24 телеарнасы