378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы 4 жарым метр биіктіктен құлады

  • 150
  • UPD: 17:42, 09.01.2020
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы 4 жарым метр биіктіктен құлады

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы U-18 Олимпиадасының ашылуына дайындық кезінде 4,5 метр биіктіктен құлады.

Швейцарияның Лозанна қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатына дайындық кезінде 35 жастағы спортшы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы биіктіктен мұзға құлаған, деп хабарлады life.ru.

«Арнайы қауіпсіздік құралдары болған. Оларда ешқандай ақау болған жоқ, оқиға спортшының тепе-теңдігін жоғалтуына байланысты болды», - деп жазды The Sun.

Қазіргі уақытта спортшы аса ауыр халде ауруханада жатыр. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы