377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боб Арум он жылдықтың ең мықты боксшысын атады

  • 161
  • UPD: 11:11, 10.01.2020
Боб Арум он жылдықтың ең мықты боксшысын атады

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум 41 жастағы Мэнни Пакьяоны (62-7-2, 39 КО) өткен он жылдықтың ең мықты боксшысы деп атады.

Оның ойынша, жиі жұдырықтасатын филиппиндік боксшыға бәсекелес болатын ешкім жоқ, деп хабарлады vesti.kz.

«Он жылдықтың мықтысы – Мэнни Пакьяо, өйткені ол үнемі жекпе-жек өткізеді және бәрімен жұдырықтасты. Мейвезер онымен көптеген жыл кездесуге қорыққан. Оған бәсекелес болатын біреу бар деп те ойламаймын. Мэнниге тең келер ешкім жоқ. Мэнни Пакьяо қазір де жұдырықтасып жүр, Top Rank немесе басқа промоутермен болса да. Ол – он жылдықтың боксшысы. Ол ұлы және осы спорт аңыздарымен бірге тарихта қалады», - деп келтіреді Арумның сөзін vRinge.com.

Хабар 24 телеарнасы