376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


55 секундта жеңілген ММА файтері төрешінің аяғын сындырмақ болды

  • 134
  • UPD: 14:14, 11.01.2020
55 секундта жеңілген ММА файтері төрешінің аяғын сындырмақ болды MMA Fighting

Аралас жекпе-жек (MMA) файтері моңғолиялық Шинечагтга Золтсетсег One Championship 106 турнирінде қытайлық Ма Я Веньді нокаутқа түсірді. Жекпе-жек видеосы ұйымның Twitter-аккаунтында жарияланды.

Қытайлық спортшы 55-секундта қарсыласының ауыр соққысына түсіп қалды. Жерге сұлап түскен ол төрешінің аяғына жармасып, әдіс жасамақ болды.

Аяққа мұндай әдіс жасау айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. MMA-да мұндай тәсіл жасауға рұқсат берілген, алайда бразилиялық джиу-джитсу турнирлерінде бұған тыйым салынған, өйткені адам өміріне қауіпті.

Хабар 24 телеарнасы